0 29.6 тыс 0 Общество

Ауаға кетті! 53 миллионға салынып жатқан мұз қалашығы еріп, су болып ағып жатыр

Поделиться

Павлодар облысында 53 миллион теңгеге жасалып жатқан мұз қалашығы еріп, су болып ағып жатыр. Ал ауа райына қарамай, қыруар қаражатқа тапсырыс берген шенеуніктер сынның астында қалды. Тұрғындар мұны ысырапқа балап, бюджет қаржысын бей-берекет шашу деп отыр. Өйткені, өңірде күн күрт жылынады деген болжамды синоптиктер алдын ала айтқан. Әкімдік қаланы безендіруге тағы қанша қаржы жұмсауды жоспарлаған? Әріптесім Аяулым Рахымжанова біліп келді. АЯУЛЫМ РАХЫМЖАНОВА, тілші: – Бюджеттің 53 миллион теңгесіне жасалып жатқан мұз қалашығының қазіргі сиқы осы. Күн күрт жылынып, қалашық еріп жатыр. Жұмысшылар да еңбегіміз еш кетті деп қапалы. Ертіс жағасында балаларға мұз қалашығы мен сырғанақ жасауды мердігер компания бір апта бұрын бастаған. Бірақ жұмыстың жартысы бітіп, азы қалғанда барлығы ағып, айнала көл болды. ЖҰМЫСШЫ: – Суық жоқ. Суық болса, мынау қатып мықты тұрушы еді. Нық. Қазір қар да жоқ. Кірпіштің өзі қоқым-қоқым жабысып, кірленіп жатыр. Ертең ериді әрине. Ертең +3. Қалай ерімейді? Синоптиктер биылғы қыс жылы болады деп алдын ала болжаған. Бірақ ауа райын ешкім ескермеген сыңайлы. Қазіргі көрініс қомақты қаржыны қалайда игеру мақсатындағы жанталасқа ұқсайды дейді тұрғындар. Халық шенеуніктердің әрекетіне нағыз ысырап деп отыр. Павлодар облысының әкімдігі Жаңа жылда қаланы безендіруге бюджеттен 185 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Алайда шенеуніктер мұз қалашығын қалпына келтіруге қосымша қаражат бөліне ме, жоқ па деген сұрақты жауапсыз қалдырды. СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары: – Ертіс жағасында мұздан қалашық құйылады. Оның құны 53 миллион теңге. Сырғанақ, ертегілердің кейіпкерлері бәрі сол жерде болады. Одан басқа қаланы безендіру үшін 80 млн 500 мың теңге қаржы жұмсалады. Шаһарға шырша қойып, жарқыраған шамдармен безендіреміз. Әкімнің орынбасары 52 миллион теңгеге биіктігі 30 метр сәукеле пішіндес шырша қойып, қаланы безендіруге ұлттық рең береміз деп отыр. Ал, қоғам қайраткері Ертай Мәшһүр Жүсіпов бұны бюджет қаржысын онды-солды шашу деп отыр. ЕРТАЙ МӘШҺҮР ЖҮСІПОВ, Қоғам қайраткері: – Жалпы, қазақ шырша, тал, қайың, емен бәріне бірдей қарайды. Бұл біздің ұлттық дәстүріміз де, нақышымыз да емес. Оған сәукеле дейсіздер ме, найза қылдыра ма, қазақта жоқ нәрсені ойлап табу 21 ғасырда ол ұят тірлік. Бұл босқа ақшаны рәсуә қылып шашу. Халықтың сынынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңа жылға бөлінген қаржыны игеру бойынша тексерісті бастады. Айта кетейік, он жыл бұрын Павлодарда 38 миллион теңгеге алып шырша орнатылды. Бірақ сол кездегі қала әкімінің әрекеті халықтың ашуын тудырып, шенеунік жұмыстан шығарылған болатын. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 https://www.youtube.com/@informburo31kanal
Informburo kz https://www.youtube.com/@informburokz2022
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31 #Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Смотрите также