0 29.6 тыс 0 Общество

Несие кімдерге берілмейтін болды?

Поделиться

Мәжіліс депутаттары қарыз алушылардың құқығын қорғауға бағытталған заң жобасын қарауға кірісті. Мәселен, енді мерзімі өткен берешегі бар адамға тұтынушылық кредит беруге тыйым салынуы мүмкін. Болмаса, несие сомасына қатысты белгілі бір көлемде шектеу қойылады. Ал, қарыз жүктемесі артып, уақытылы төлем жасай алмаған тұтынушыға банк не қаржы ұйымы көмектесуге тиіс. Демек, проблемалық қарыз бірден коллекторларға өтпейді. Қаржы ұйымдары, алдымен 24 ай ішінде мәселені өздері реттеуге тырысуы қажет. Егер, екі жыл ішінде проблеманы шеше алмаса, агенттіктердің көмегіне жүгіне алады. Оның өзінде қиын жағдайға тап болған адамға қысым көрсетілмеуі керек. Сондай-ақ, төлемі 90 күннен аса мерзімге кешіктірілген кредит бойынша сыйақы жүрмейді. Ал, кредит алудан өз еркімен бас тартқан кісінің борышы кешірілуі ықтимал. Сондай-ақ, банктер берешекті мәжбүрлі өндіруге көшкенде борышкердің шотында қалатын сомаға көңіл бөлуі керек. Өйткені, оның шотында кемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде ақша сақталуға тиіс. Бұдан бөлек, депутаттар жылдық сыйақы ставкасын да төмендетуге күш салғалы отыр. БЕРІК БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Кем дегенде 42 пайыз болсын деп отырмыз. Төменге түсіру керек. Өйткені бұл мынау шағын займдар, микроқаржы ұйымдары бар. Сондықтан, енді кем дегенде 42-ге шейін түсу керек деп олардан талап қойып отырмыз. Қазір 56-дан 42-ге түсірсе, көп көмек болар еді. Және де микроқаржы ұйымының үлкен 339 деген пайызын тоже төмен түсіру керек. Оны қазір талқылап жатырмыз. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 https://www.youtube.com/@informburo31kanal
Informburo kz https://www.youtube.com/@informburokz2022
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31 #Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Смотрите также