112 тыс 8.5 тыс 0 Политика OŃTÚSTIK TV

Қазақ жігіті дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды

Поделиться

Этникалық қазақ Серік Бердімұратұлы дзюдан Моңғолия біріншілігіне қатысып, чемпион атанды.Бұл чемпионат Сухэ батор қаласында өтті. Сайыста Серік Бердімұратұлы 100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол жартылай финалда 2017, 2018 жылдары чемпион атағын иеленген Алтанабагананы жеңді. Ал ақтық финалда Цэрэннямдымен кездесіп, ұпай саны арқылы басым түсті. Осылайша, қандасымыз Баян-Өлгий спорт тарихында тұңғыш рет дзюдодан ересектер арасында Моңғолия чемпионы атанып отыр. Айта кетсек, Серік Бердімұратұлы 2014 жылы 100 келі салмақ дәрежесінде Моңғолия чемпионатының күміс жүлдесін, 2017 жылы қола жүлдесін иеленген. Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ

Смотрите также