"Жібек сезім" Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған әні.

Поделиться

"Жібек сезім" Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған әні. Әнді орындайтын Нысанова Макира, 59 мектеп-лицейінің мұғалімі. 2019 жылғы 12 ақпан күні Астана қаласы №59 мектеп-лицей пилоттық «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағыты «ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН» тақырып аясында ісшарасы өтті. Аталмыш ісшараға өнерлі тұлғалардың өмір жолдарын оқушыларымызға үлгі тұту мақсатында іске асырылды. Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылық негізінде- білім ошағы мен отбасындағы ізгілікті нығайту үшін үнемі рухани қарым-қатынаста болу және өнерлі тұлғалармен пікір алмасу, шебер ата-аналарымыздың шебер-сабақтарын көріп үлгі тұту. Ісшара бір уақытта бес дәрісханада ақын,актер және дизайнер-модельер, қуыршақ шебер, аспазшы, биотехнология дәрігер маманы мен мектебіміздің бастауыш,орта, жоғары сынып оқушыларымен өткізілді. Білім ошағымызға қонаққа келген өмірін өнерімен өрнектей білген тұлғалар Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Шалқар» радиосының директоры Қалқаман Сарин Айымғазыұлы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері Қыстықбаев Қуандық Қапсалаңұлымен әдеби кеш өткізілді.

Смотрите также